Бір еркек көршісін саусағымен "атамын" деп сотталып кете жаздады

17:51, 9 қыркүйек 2019
642

АҚШ-та көршісін саусағымен бейнелі түрде "атқан" адам сотталып кете жаздаған. Оған 100 доллар көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды reactor.inform.kz.

Көшеде қызын қолтықтап кетіп бара жатқан ер адамға көршісі ортаң саусағын көрсеткен. Бұған ашуланған ер адам саусағын бүгіп, тапаншамен атқандай белгі көрсеткен.

Ұзамай оны сот қызметкерлері шақырып, көршісіне көрсеткен қоқаң-лоқысы бойынша істі қараған. Сот оған 100 АҚШ долларына тең келетін айыппұл төлеу туралы үкім шығарған.


Источник: zakon.kz


Пікір