Билл Гейтс роботтардың еңбектеріне салық енгізуді ұсынды

13:25, 19 ақпан 2017
456

Microsoft негізін салушы Билл Гейтс өндірісте адамдарды алмастырған роботтардың еңбегіне салық енгізуді ұсынды.

«Қазір фабрикадағы жұмысшының табысынан 50 мың АҚШ доллары көлемінде салық ұстап, кіріс салығын, әлеуметтік салықты және басқа да төлемдерді алып қалуда. Егер осы жұмыстарды робот жасаса, оның да еңбегіне осы деңгейдегі салық енгізу керек», – дейді  миллиардер. 

Еске сала кетсек, ақпан айында Еуропарламент роботтарға салық енгізу туралы ұсынысты қабылдамаған болатын.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!