Билікті құлатып, халифат құрмақ болған. Ресейде исламистер ұсталды

15:53, 22 қараша 2019
1079

"РФ Федеральдық Қауіпсіздік қызметі Қазақстанда тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир әл-Ислами" террористік ұйымының 9 жақтаушысының ойға алған іс-әрекетінің жолын кесті. Олар билікті құлатып, "бүкіләлемдік халифат" құрмақ болған", - деп хабарлайды РИА Новости ФҚҚ-ға сілтеме жасап.

"Мәскеу қаласы, Татарстан Республикасы және Түмен облысы аумақтарында жүргізілген арнайы операция кезінде Ресей Федерациясында тыйым салынған "Хизбут-Тахрир әл-Ислами" халықаралық террористік ұйымының екі жетекшісі мен жеті мүшесінің қылмыстық әрекеті ауыздақтылды", - делінген агенттіктің хабарламасында.

Олар Ресейдің әр өңірінде жабық террористік құрылымның ұясын құрып, заңсыз әрекеттерді қаржылай қолдау мәселесін шешіп, тұрғындарға лаңкестік идеологиясын таратқан, жергілікті мұсылмандарды өз қатарына шақырған.

"Ұйым мүшелері "дүниежүзілік халифат" деп аталатын доктринаға сүйеніп, зайырлы қоғам институттарын жою және қазіргі үкіметті күшпен құлатуға бағытталған әрекетке бармақ болғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Қамауға алу кезінде қылмыскерлерден Ресейде тыйым салынған үгіт-насихат материалдары, байланыс құралдары мен электрондық ақпарат кітаптары табылып, тәркіленді.

- Қауіпсіздік органдарының тергеу бөлімдері ұсталғандарға қатысты қылмыстық іс қозғады, делінген хабарламада.

Хизб-ут-Тахрир әл-Ислами (Ислам Азат ету партиясы) - 1953 жылы Палестинада құрылған ислами саяси партия. Сирия, Египет, Иордания, Тунис, Кувейт, Палестина, Түркия және Батыс Еуропада белсенді қызмет етеді. «Хизб ут-Тахрир әл-Ислами» ұйымының қызметіне Араб, Шығыс Еуропа, Азия және Таяу Шығыс мемлекеттерінің көпшілігінде тыйым салынған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!