Бетпердесіз әйелді кондуктор автобустан теуіп-теуіп шығарып жіберді

12:53, 28 қаңтар 2021

Ресейде жолаушылар автобусында болған жағымсыз оқиғаның видеосы желіде тарады, деп хабарлайды zakon.kz.

LIFE SHOT Телеграмм-арнасының хабарлауынша, оқыс оқиға Красноярскіде болған.

Видеода кондуктор бетперде тақпаған әйелді автобустан теуіп-теуіп шығарып жібереді. Қалалық көлік басқармасындағылар соққыға жығылған әйелдің алдымен бетперде тағудан бас тартқанын, одан соң өзі кондуктордың қытығына тиетін сөздер айтқанын айтады.

Қазір кондуктор жұмыстан шеттетілген, полиция мән-жайды тексеріп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!