Берлинде бұзақылар 40 дүкенді талқандады

16:59, 23 маусым 2020
1157

Германияның Штутгарт қаласындағы тәртіпсіздіктер кезінде 40-тан астам дүкен талқандалған. Бұзақылар сауда орындарының терезелерін ғана шағып қоймай, ондағы заттарды да тонаған, деп хабарлайды "Хабар-24".

Кәсіпкерлер тәртіпсіздіктерден келген шығын көлемі миллиондаған евроны құрайтынын айтады. Істі тергеу бойынша арнайы топ құрылды.

Эйб Руссом, дүкен менеджері:

- Бұзақылар дүкенімізді тас-талқан етіп кетті. Олар біздің ғана емес, осы көше бойындағы көп дүкенді шағып, тонаған. Бұл - нағыз жабайылық. Бұзақылар өз істерін алдын ала ұйымдастырды ма, жоқ па білмеймін. Бірақ мұндай қаскөйлікті алғаш көруім.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!