Белгісіз біреулер Шыңғыс Айтматовтың қабірін бүлдірді
© Сурет: wikipedia.org
Белгісіз біреулер Шыңғыс Айтматовтың қабірін бүлдірді. Қабір Бішкектен 30 шақырым жерде орналасқан Ата-Бейіт мемориалдық кешенінде орналасқан, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы қырғыз тележүргізуші Ассоль Молдокматова Instagram-дағы парақшасында жазды.
Асқар Айтматов кәсіби мамандармен бірге ақылдаса отырып, бірыңғай архитектуралық ансамбльді мұқият ойластырды. Мұның барлығы жазушының баласының жеке қаражатына жасалды. Ол әкесіне деген баланың құрмет белгісі... Қараңыздар, енді түндік жоқ. Сондықтан біз кешірім сұрап, оны жедел түрде жөндеп, түндікті қалпына келтіруіміз керек, - деді Ассоль Молдокматова.
Шыңғыс Айтматов - Қырғызстан мен Қазақстанның халық жазушысы. Лениндік сыйлықтың және КСРО-ның үш Мемлекеттік сыйлығының, Еуропа әдеби сыйлығының және Джавахарлал Неру атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты. 2007 жылы түркітілдес елдердің мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін Түркия үкіметінің жоғары наградасына ие болды.
Оның орыс және қырғыз тілдерінде жазылған шығармалары 150-ден астам тілге аударылған. Ол "Ата-Бейіт" мемориалдық кешенінде жерленген. Жазушының тірі кезіндегі өтініші бойынша, сталиндік репрессия кезінде қайтыс болған қырғыздың көрнекті мемлекет қайраткері, әкесінің қабірінің жанына жерленді.
Түндік - бұл сфералық құрылыс, қырғыздардың "боз-үй" (киіз үй) таөбесін жауып, терезе секілді үй ішіне жарық беретін жері. Түндік аспан мен жерді байланыстырады, ол үйдің белгісі болып саналады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады