Белгісіз бір топ адам Бішкек әкімдігі ғимаратын басып алуға тырысып жатыр

12:16, 26 қазан 2020
147

Белгісіз адамдар Бішкек әкімдігінің ғимаратына баса-көктеп кіруге тырысты. Оларды полиция қызметкерлері ұстап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

24.kg ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, елорда әкімшілігі жанына 100-ге жуық адам жиналған. Олар Нариман Төлеевтен қала басшысы қызметінен кетуді талап еткен.

Айта кетсек, алдында Президенттің міндетін атқарушы Садыр Жапаров Азиз Суракматовтың отставкасын қабылдаған. Сондықтан елорда басшысының орны әлі бос. Алайда, өзін Садыр Жапаровтың жақтаушыларымыз деп санайтын белгісіз адамдар бұл лауазымнан дәмелі. Оның ішінде Төрехан Жүнісбеков те бар.

Интернетте пайда болған аудиожазбада болжам бойынша, президент міндетін атқарушының ағасы Төрехан Жүнісбековті заңды бұзбауға және әкімдікті басып алмауға көндіруге тырысып жатқан көрінеді. Бішкектің бұрынғы мэрі Азиз Суракматов бұрын қызметінен кеткен болатын. Бұған дейін ол экс-мэр Нариман Төлеевті бірінші вице-мэр қызметіне тағайындаған. Заңға сәйкес, ол жаңа әкім сайланғанға дейін өз міндеттерін орындауы керек. Бішкек мэрін қалалық кеңес сайлайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір