Беларусьте әскери ұшақ құлады

17:45, 19 мамыр 2021

© Сурет: tass.ru

Брест облысында Як-130 әскери ұшағы апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Беларусь Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқу-жаттығу кезінде экипаж техникалық ақауларды анықтады.

Ерлік пен қаһармандық танытқан ұшқыштар ұшақты елді-мекеннен алысырақ әкетуге тырысты. Ұшақтың құлау траекториясы тұрғын үйлерден тыс болғанына көз жеткізгеннен кейін ұшқыштар катапультті қосқан - делінген хабарламада.

Алайда екі ұшқыш та аман қала алмады.

Оқиға орнына Қорғаныс министрінің қарулану жөніндегі орынбасары бастаған министрліктің комиссиясы аттанды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!