Беларусь қалаларында халық наразылығы басылмай жатыр
Дүйсенбі күні кешкісін Минскте сайлау нәтижесімен келіспеген наразы топ қайта көшеге шықты.
Минскідегі халық наразылығынан репортаж жасап жатқан жерінен ұсталған Daily Storm басылымының журналистері Антон Старков пен Дмитрий Лосенконы босатты, дейді Sputnik ақпаратына сүйенген centralasian.org.
Минскіде дүйсенбі күні кешкісін наразылық акциясының қатысушысы қаза болды. Бұл жөнінде Беларусь ішкі істер министрлігі хабарлады. Бұл бірінші ресми расталған ақпарат болды.
ІІМ хабарлауынша, демонстранттар "Пушкин" метросы жанында қарсылық білдірген. Бұл жерге қарулы күш барған. Ресми таратқан мәлімдеме бойынша, қарсылық білдірушінің бірі жарылғыш хат лақтырмақ болғанда, қолында жарылып, сол жерде қаза тапқан.
Болған жағдай туралы тәуелсіз куәгерлердің ақпараты әзірге жоқ. Беларусь ақпарат құралдарының жазуынша, күш құрылымдары резеңке оқ пен жарық-дыбыстық қол гранатасын қолданған. Әлеуметтік желілерде демонстрант сондай гранатадан қайтыс болуы мүмкін деген болжам айтылып жатыр.
9 тамызда Беларусьта президент сайлауы өтті. Ресми мәлімет бойынша, қазіргі президент Александр Лукашенко – 80,08 процент дауыс жинаған. Оның қарсыласы Светлана Тихановскаяға сайлаушылардың 10,09 проценті дауыс берген. Ол мұнымен келіспейді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады