Беларусь елінде билікті басып алу жөнінде қылмыстық іс қозғалды

18:16, 20 тамыз 2020

Беларусь Республикасының құқық қорғау органдары Үйлестіру кеңесін құру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды zakon.kz Sputnik Беларуське сілтеме жасап.

Үйлестіру кеңесін құру және оның қызметі мемлекеттік билікті басып алуға, сондай-ақ Беларусь Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 361-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады журналистерге Беларусь елінің бас прокуроры Александр Конюк.

Беларусь президенттігіне экс-үміткер Светлана Тихановскаяның бастамасымен арнайы Үйлестіру кеңесі құрылды.

- 19 тамызда кеңес алғаш рет жиналып, төралқа мүшелері сайланды және қаулы қабылданды. Үйлестіру кеңесі саяси дағдарысты еңсерудің және қоғамда бітімгершілікті орнатудың жолдарын іздестіруді мақсат етеді, - деді төралқа мүшесі Мария Колесникова.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!