Бейруттегі Қазақстан елшілігінің бүлінген кеңсесінің видеосы желіде пайда болды

10:18, 5 тамыз 2020

4 тамызда Ливан әскери-теңіз базасының жанында орналасқан Бейрут портының аумағында қатты жарылыс болды. Салдарынан 70-тен аса адам көз жұмып, мыңдаған адам жарақат алды. Жарылыс күші Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының ғимаратын да зақымдаған. Бүлінген елшілік кеңсесінің видеосы желіде пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Видео @negemedia арнасында жарияланды. Шыны сынған, кеңсе жабдықтары мен жиһаздары бүлінген, төбе құлаған. Белгілі болғандай, жұмыста отырған қазақстандық консул жарақат алған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!