Бейрутте полиция жойқын лаңкестік әрекеттің алдын алды

19:29, 22 қаңтар 2017

Ливанның астанасы Бейрутте полиция жойқын лаңкестік әрекеттің алдын алды.

Арнайы қызмет өкілдері жарылғыш толы белдік таққан жанкештіні дәмханаға кірмек болған кезде ұстады.

Алдын ала мәлімет бойынша, 25 жастағы содыр – осы елдің азаматы.

Жалғыз өзі жарылыс жасамақ болған оның экстремистік топқа қатысы бар-жоғы әзірге белгісіз.

Оқиғадан кейін тәртіп сақшылары дәмхана орналасқан Хамра көшесін жауып, көліктерді тексеруге кірісті. 

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!