Бейруттағы жарылыстың хронологиясы. Жарылыстың бірнеше себептері аталды

09:57, 5 тамыз 2020

Жарылыс сейсенбіде, 4 тамызда Бейрут портының жанындағы Ливан әскери-теңіз базасының жанында болған. ТАСС сол күні кешкі қолжетімді ақпараттардың барлығын жинап, хронологиясын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Жарылыс салдары

Жарылыстан 78 адам көз жұмып, 4000 адам жарақат алды. Ауруханаларда орын жоқ, зардап шеккендер Бейрут маңындағы елді-мекендерге жіберілуде.

Порттың жанында орналасқан ғимараттардың қасбеттері құлады. Қала үлкен қирандыға айналды. Дипломатиялық ғимараттардың да бүлінгені туралы мәліметтер бар.

Интернет дұрыс істеп тұрған жоқ. Оған жарылыстың қатысы бар-жоқтығы туралы ақпарат жоқ.

Төтенше жағдай салдарынан Ливан партиясының бас хатшысы Катаиб Низар Наджарян көз жұмды. БҰҰ-ның 48 қызметкері жарақат алды.

Жарылыс күші 4,5 балдық жер сілкінісіне пара-пар. Оның сілкінісі Кипрдің астанасы - Никосияда да, Бейруттан 250 шақырым жерде де білінді.

Бейрут апат аймағы деп жарияланды. Қалада екі аптаға төтенше жағдай енгізілді.

Жарылыс себептері

Жарылыстың бірнеше себептері белгілі:

Ливан ішкі істер министрлігінің басшысы Мұхаммед Фахми қоймадағы сақтаулы үлкен көлемдегі аммиак селитрасы жарылды деп мәлімдеді.

Құқық қорғау органдары Al Mayadeen TV-ге осыдан 9 жыл бұрын тәркіленген "жарылғыш заттарды" жарып жібергендерін айтты.

Al Hadath телеарнасы бұл Израиль әуе күштерінің радикалды "Хезболла" қозғалысының қоймасына жасаған зымыран шабуылы болуын жоққа шығармайды. Израильдің Кан мемлекеттік радиосы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, өз елінің бұл оқиғаға қатысы барын жоққа шығарды.

Al Mayadeen TV жарылыс пиротехника қоймасында болғанын хабарлады.

Ливандағы қазақстандық дипломаттардың айтуынша, портта пиротехникасы бар кеме жарылып, бірден бірнеше жерде қуатты жарылыс болған.

Ливан құпия қызметінің басшысы террорлық шабуыл туралы айту ертерек деп санайды.

АҚШ президенті Дональд Трамп айтқандай, АҚШ қорғаныс министрлігі Бейрутта бомба жарылды деп санайды.

Төтенше жағдайдан соң...

Ливан президенті Мишель Аун елдің Жоғарғы қорғаныс кеңесінің отырысын шақырды. Ол мемлекет қаражаты есебінен медициналық көмек көрсетуді, сондай-ақ үйлері мен мүлкі бүлінгендердің барлығын уақытша баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды.

Бейрут губернаторы бұл оқиғаны "Хиросима мен Нагасакидегі жарылыстармен" салыстырды.

5 тамыз Ливанда ұлттық аза күту күні болып жарияланды.

Израиль халықаралық ұйымдар арқылы Ливанға гуманитарлық және медициналық көмек ұсынды.

Түркия, Канада және Америка Құрама Штаттары Ливанға жарылыстың зардаптарын жоюға барлық мүмкін көмек беруге дайын екендігін мәлімдеді.

Франция президенті Эммануэль Макрон "Бауырлас Ливанға" ізгі тілектестігін білдіріп, Ливанға көмек жібергенін айтты.

Еуропалық Одақ басшылары сонымен бірге қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, Ливанға көмектесуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Катар әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тани Ливанға далалық ауруханалар қызметкерлерінің бір тобын жіберуді бұйырды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!