Базарда фундук қымбат: еркектің бел күшін арттыратын азықтар анықталды

16:10, 14 тамыз 2019
1171

Күніне 60 грамм жаңғақ жейтін еркектердің белі қуаттырақ келеді. Мұндай байламды арнайы зерттеу барысында испаниялық ғалымдар жасады. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері Nutrients журналында жарияланған екен.

Зерттеуге өз еркімен 84 еркек қатысыпты. Олар 14 апта бойы майлы ет өнімдері, жеміс пен көкөністен тұратын батыс үлгісіндегі дәстүрлі диета ұстанған.

Бірақ зерттеу үшін 84 еркек екі топқа бөлінген: бірі кәдімгідей тамақтанса, екі топқа күн сайын грек жаңғағын, фундук (орман жаңғағы) және миндаль (бадам) беріп отырған.

Сынақ соңында қатысушылар өздерінің сексуалды өміріне қатысты анкета толтырған.

Жаңғақ жеп келген жігіттер сексуалды өмірінің айтарлықтай жақсарғанын, төсек қатынасынан көбірек ләззат алып, оргазмдары күшейгенін қуана мойындапты.

Содан ғалымдар жаңғақты жиі жеу еркектердің бел күшін арттырады деген шешім шығарған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!