Барселонада жүздеген адам туристерге қарсы митингке шықты

12:39, 13 тамыз 2017

Ереуілшілер сырттан келетін саяхатшылар санының шамадан тыс артып кеткендігін алға тартып отыр.

Айтуларынша, туристердің мәдениетсіздігі былай тұрсын, солардың кесірінен шаһарда баспаналардың жалға беру құны шарықтап кеткен. Наразылық шарасын Барселонета ауданының тұрғындары ұйымдастырған. BBC арнасының хабарлауынша, бірінші жартыжылдықта Испания туристер саны бойынша рекорд орнатқан. Елге жыл басынан бері 36,5 миллионнан астам саяхатшы келген.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!