Барселонада зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ
Алдын ала ақпарат бойынша Барселонадағы теракты салдарынан зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлім етті.
«Бұл алдын ала мәліметтер. Анықтау жұмыстары жалғастырылуда. Қазақстанның Барселонадағы консулдығы жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдерімен тығыз байланысты ұстауда», – деді Әнуар Жайнақов.
Еске салсақ, бейсенбі күні кешкісін Барселона орталығында пикап халықтың арасымен жүріп өтті. Барселона полициясы қаланың туристік орталығында адамдарға жасалған қастандықты теракті деп есептейді. ТАСС-тың хабарлауынша, оқиға салдарынан кем дегенде үш адам ажал құшып, ондағаны зардап шекті. Оқиғаға жақын маңдағы метро стансалары жабылды. Испанияның Премьер-министрі Мариано Рахой Twitter арқылы оқиғаға байланысты жергілікті билік өкілдерімен және шұғыл қызметтермен ұдайы байланыс ұстап отырғанын мәлім етті.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады