Барак Обама АҚШ президенттерінің рейтингінде 12-орынды иеленді

20:51, 19 ақпан 2017

Америкалық тарихшылар Барак Обамаға АҚШ президенттерінің рейтингінде 12 орынды берді. Обама Вудро Вильсон мен Джеймс Монроның ортасында тұр.

Оның өз қабілетіне сендіре білуі, моральдық мәртебесі мен халықтар теңдігін қамтамасыз етуге ұмтылуы жоғары бағаланды. Обаманың экономикалық реттеу саласындағы көрсеткіштері де жақсы.

Алайда, мамандар оның Конгреспен қарым-қатынасына төмен баға берді. Рейтингте америкалық құлдарды босатқан Авраам Линкольн көш бастап тұр. Екінші орынды АҚШ-тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтон иеленген. 

Бұрын хабарланғандай, Барак Обаманың Ақ үйден кететін сәтінде оны жақтау рейтингі 58 пайызды құраған.   

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!