Балақай, бері кел! «Арсенал» футболшыларының ортақ фотосы

15:31, 21 ақпан 2020

Еуропа лигасының 1/16 финалындағы "Арсенал" мен "Олимпиакос" кездесуінің алдында алаңға футболшылармен бірге шығатын кішкентай балалардың бірі "Арсеналдың" командалық фотосына түсіп алды, деп жазады eurosport.ru.

Бұл бала футболшылардың бірімен қол ұстасып алаңға шыққан еді. Турнирдің әнұраны ойналған соң балалар алаңнан кетуі тиіс болған. Қайда бағыт алуы керек екенін білмей, абдырап қалған баланы футболшылар шақырып алып, ортақ фотоға бірге түсті.

"Арсенал" Александр Ляказетт соққан голдың арқасында "Олимпиакосты" 1:0 есебімен ұтты. Қарымта кездесу 27 ақпанда Лондонда өтеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!