Балабақшадағы қанды қырғын: әйел 14 бүлдіршінді пышақтап тастады

16:26, 26 қазан 2018

Қытайдың Чунцин қаласында әйел ас үй пышағымен 14 бүлдіршінді жаралады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жергілікті полицияның мәліметінше, 39 жастағы әйел жұма күні таңертең балабақша қақпасының алдында таңғы жаттығудан келе жатқан бүлдіршіндерге пышақ ала жүгірген. Оқу мекемесінің қызметкерлері мен күзет әйелді ұстап, полиция шақырды. Қазір күдікті қамауда.

Шабуыл салдарынан 14 бүлдіршін жараланып, ауруханаға түскен.

Әйелдің не себепті мұндай қылмысқа барғаны әзірге белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, осыған ұқсас жағдай АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында болған еді. 52 жастағы әйел балабақшада бес адамды пышақтап тастады, оның үшеуі бала.

Қанды оқиға егде әйелге шабуылдаудан басталған, оған 31 жастағы ер адам араласқан, оның аяғынан пышақтаған. Содан кейін балаларға шабуылдай бастайды. Бұл кезде бөлмеде тоғыз бала болған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!