Бақшасын қазып жүрген ресейлік әйелінің бұрынғы күйеуінің қаңқасына тап болды

16:17, 5 маусым 2018

Омск облысының тұрғыны 20 жыл бұрынғы қылмысты әшкереледі. Ол үй бақшасынан әйелінің бұрынғы күйеуінің қаңқасын тауып алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

23 мамыр күні ер адам Лузино ауылында картоп отырғызу үшін бақшасын қазып жүріп адамның қаңқасына тап болады. Нәтижесінде бұл қылмысқа оның 60 жастағы азаматтық некеде бірге тұрып жатқан әйелінің қатысы бар екені анықталды.

Әйел 1997 жылы 52 жастағы азаматтық некедегі күйеуімен ұрысып жатып, оны балталағанын мойындады. Кейін денесін бөлшектеп, бақшасына көміп қойған. Ал көршілеріне күйеуінің жұмыс істеуге кеткенін айтқан. Осыдан кейін оны ешкім іздемеген.

Тергеушілер аталған фактіге сәйкес, РСФСР ҚК 103-бабы бойынша («қасақана кісі өлтіру») қылмыстық іс қозғады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!