Байден шаршатты! Илон Маск саясаткерлердің жасын шектеуді ұсынды

16:15, 2 желтоқсан 2021

© facebook.com/elonreevesmusk

Кәсіпкер америкалық кәрі саясаткерлердің билікке келуіне қарсы.

Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы, кәсіпкер әрі өнертапқыш Илон Маск мемлекеттік қызметте болу үшін американдық саясаткерлердің шекті жасын бекітуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәсіпкер АҚШ-ты басқаратындардың жасы 70-тен төмен болса дейді. Алайда Маск өзінің пікіріне қатысты түсініктеме берген жоқ. Айта кетейік,  АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 71, ал қазіргі ақ үйдің қожайыны Джо Байден 79 жасында мемлекет тізгінін қолға алды.

Америкалық БАҚ Байденнің қарттықтан шатасып қалатын сәттері туралы жиі жазып жүр.  Көпшілігі мұны президенттің денсаулығымен байланыстырады.  

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!