БАӘ қазақстандық әуекомпаниялар көмегімен қару-жараққа салынған эмбаргоны бұзған - NYT

10:49, 4 қыркүйек 2020
447

Ресей, Түркия, Мысыр және Біріккен Араб Әмірліктері Ливияға қару-жарақ тасымалына салынған халықаралық эмбаргоны бұзуда, деп хабарлайды zakon.kz Известияға сілтеме жасап.

Бұл туралы БҰҰ сарапшыларының жабық жағдайда өткен есебінде айтылған. The New York Times газетінің хабарлауынша, Бұл есеп 4 қыркүйек - жұма күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында ұсынылады. Құжат авторлары 2019 жылдың 1 қарашасынан 2020 жылдың 31 шілдесіне дейін Сириядағы Хмеймим әуебазасына Ресей әскери күштерінің көлемі 17,2 мың тонна жүгі бар 339 рейсі жасалғанын хабарламақ.

Сонымен қатар, есепке сәйкес, БАӘ 2020 жылдың бірінші жартысында Қазақстанда тіркелген чартерлік әуекомпаниялардың көмегімен Ливияға шамамен 135 рейс жөнелткен. Ал олар Мысыр мен Ливияның әуе кеңістігіне кірген кезде ұшақтың радиомаяктарын өшіргені де атап өтіледі.

БҰҰ сарапшылары түріктің әскери жүктері Ливияның батысына азаматтық ұшақтармен тасымалданған деп санайды. Өйткені жолаушылар бұл рейстерге билеттерді брондай алмағандығы баса айтылады.

Қаңтарда Берлин конференциясы өтті, оның барысында 16 елдің өкілдері Таяу Шығыстағы жағдайға араласпауға келісті. Олар атысты тоқтату, қару-жарақ эмбаргосын сақтау және соғысушы ұйымдар арасындағы келіссөздерді жалғастыру туралы уағдаласты. 2011 жылы Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафи биліктен құлатылып, өлтірілгеннен кейін мұнда қарулы қақтығыстар толастамай тұр. Мемлекетте билік етуші екі топ бар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!