Азиядағы ең биік будда ғибадатханасы өртеніп кетті

10:11, 11 желтоқсан 2017

Сычуанда орналасқан көп қабатты ағаштан жасалған будда ғибадатханасы өрт салдарынан жойылды, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан РИА Новостиге сілтеме жасап.

Азиядағы ең биік пагода 16 қабаттан тұратын. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы хабар түскен жоқ. Тергеушілер өрттің себебін анықтауы тиіс.

​South China Morning Post басылымы хабарлағандай, өртпен төрт сағат бойы арпалысқан. Сол уақыт ішінде зәулім ғибадатхана күйіп-жанып кеткен ағаш үйіндісіне айналыпты.

Дұға оқуға арналған екі қабатты ғимарат та өрт салдарынан жойылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!