Аю өзімен селфи жасамақ болған такси жүргізушісін өлтіріп тастады

16:19, 4 мамыр 2018

Үндістанда аю өзімен селфи жасамақ болған азаматты өлтіріп тастады, деп жазады tirshilik-tynysy.kz.

Прабху Бхатара есімді таксист той қонақтарымен жолда келе жатып, жаралы аюды көріп қалады. Ол көлігінен түсіп, аюмен суретке түспек болады. Алайда жыртқыш оны бас салып, жерге алып ұрып таптап тастайды.

Куәгерлер оны құтқаруға ұмтылмаған. Бірі ауыр затпен аюды ұрмақ болғанда жыртқыш одан әрі ызалана түседі. Жолаушылар орманшыны көмекке шақырады. Олар келгенше такси жүргізушісі мерт болған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!