Австрияда мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтіп жатыр

23:44, 15 қазан 2017

Бүкіл ел бойынша 10 мыңға жуық сайлау бөлімшесі ашылған.

Онда жасы 16-дан асқан тұрғындар өз таңдауын жасай алады. Негізі Австрия канцлері лауазымына 16 партия мен саяси қозғалыс өз кандидаттарын ұсынып отыр. Жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесі тек 3 үміткердің ғана жеңіске жету мүмкіндігі мол екенін көрсеткен. Олардың қатарында елдің сыртқы істер министрі Себастьян Курц те бар. Дәл осы министр сайлауды мерзімінен бұрын өткізуді ұсынған. Әйтпесе әуелде саяси шара келер жылдың күзіне белгіленген болатын.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!