Австрия астанасында Сириядағы қақтығысты шешуге арналған кездесу басталды

15:05, 26 қаңтар 2018
374

Австрия астанасы Венада Сириядағы қақтығысты шешуге арналған екі күндік кездесу басталды, деп хабарлайды Хабар 24.

БҰҰ аясындағы бейресми отырысында бас хатшының арнайы өкілі Стаффан де Мистура Сирия үкіметі және оппозиция өкілдерімен жеке-жеке кездесіп, кеңес өткізеді. Бірақ жауласушы тараптардың тікелей келіссөз жүргізуі қарастырылмаған.

Арнайы өкілдің айтуынша, қазіргі кездесудің мақсаты – БҰҰ-ның 22/54-қарарын орындау барысын талқылау.

Еске сала кетейік, желтоқсан айында Сириядағы дағдарысты шешуге бағытталған Женева келіссөзінің сегізінші раунды аяқталған. Бірақ кездесуде тараптар ешқандай келісімге келе алмады. Ал қаңтардың 30-ы күні Ресейдің Сочи қаласында осы саяси дағдарысты шешуге арналған ауқымды жиын өткізу жоспарланып отыр.

Ресей, Түркия және Иран тараптары: «Бұл кездесу тығырыққа тірелген Женева келіссөзіне серпін береді», – дейді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!