Австралияда 1300 шақырым жерді көлікпен жалғыз жүріп өткен балақай ұсталды

17:16, 23 сәуір 2017
423

Жаңа Уэльс штатында кетіп бара жатқан көлікті тоқтатқан полицейлер жағасын ұстады.

Себебі темір тұлпарды тізгіндеген жүргізуші небәрі 12 жастағы жеткіншек болып шықты.

Оқиға барысында тәртіп сақшылары бамперін сүйретіп бара жатқан көліктен секем алып тоқтатқан. Кәмелетке толмаған жүргізушінің анау-мынау емес, 1300 шақырым жерді бір өзі жүріп өткені анықталды. Полиция байқамағанда, ол Кендалл қаласынан Пертке қарай жүйткіп өтпек болған екен. 

Қазір ұсталған жеткіншек полиция бөлімшесіне жеткізіліп, оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.

The Sydney Morning Herald

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!