Австралия штатында 9 ғимарат күлге айналды

10:05, 5 наурыз 2019

Австралияның Виктория штатында 25 өрт ошағы тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Штат бойынша 9 ғимарат күлге айналды. Олардың бесеуі тұрғын үй. Сонымен қатар 6 гектар орманды жер өртенді. Апаттан 17 елді мекенде төтенше жағдай режимі жарияланды. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін ондаған арнайы техника мен 300-ге жуық маман және 3 тікұшақ жұмылдырылды. Қатты жел мен ыстық ауа райының салдарынан өрт санаулы минуттарда ойлы-қырлы жерлерге тез тарап кеткен. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына найзағайдың жарқылдауы себеп болған.

Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді, айтуынша аптап ыстық әлі 2 күн бойы сақталады.

 


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!