Ауғанстандық қыз 10 жылдан астам уақыт әкесі үшін ер бала кейпіне енген

16:54, 25 сәуір 2018
342

Ауғанстандық Сатира Вафадар 10 жылдан астам уақыт ата-анасы үшін ер баланың кейпіне енген, деп хабарлайды Today.kz.

18 жастағы Сатира Ватафардың өзінен бөлек 3 әпкесі мен 1 сіңлісі бар. Қыздың ата-анасы Сатираны "баша-пошқа" айналдыруға шешім қабылдаған. Бұл дегеніңіз ата-анасы қызына ер адамның киімін кигізеді.

Қыз 8 жасынан бастап әкесімен бірге аптасына 6 күн кірпіш зауытында жұмыс істеген.

"Мен тіпті өзімнің қыз екенімді ойламаймын да", – дейді Сатира.

Қыздың ата-анасы мұндай қадамға ер баласы болмағандықтан, әлеуметтік қысым көрмеу үшін барған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!