Ауғанстанда әскери базада атыс болды

09:14, 18 маусым 2017
481

Ауғанстанда үкімет жасағының сарбазы америкалық әскерилерге оқ жаудырды. Салдарынан 4 адам жараланып, ауруханаға жеткізілді. 

Оқыс оқиға Мазари-Шариф қаласындағы әскери базада болған. Қаскөйдің тағдыры әзірге белгісіз. Бұл әрекетке не итермелегені де беймәлім. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Биылғы сәуір айының аяғында дәл осы Мазари-Шариф қаласында жауынгерлерге тағы бір шабуыл жасалған еді. Ол кезде тәліптер әскери лагерьге басып кіріп ауғандық 140 сарбазды қырып салған еді. Осы жантүршігерлік қантөгістен кейін елдің қорғаныс министрі отставкаға кетуге мәжбүр болды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!