Ауғанстан экономикасы құрдымға кетеді – болжам

13:44, 20 қазан 2021
320

© Сурет: pixabay.com

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Ауғанстанның ЖІӨ-нің 30 пайызға төмендеуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

ХВҚ Ауғанстан экономикасының құрдымға кетіп бара жатқанын айтады. Талибан билікті басып алғаннан кейін елдің ЖІӨ 30 пайызға күрт төмендеуі мүмкін.

ХВҚ елге гуманитарлық емес көмек пен шетелдік активтердің тоқтатылғанын, сондай-ақ Талибан билікке келгелі кейін ауған банктерінде қолма-қол ақшаның жетіспей жатқанын атап өтті.

"Бұл импорттың азаюына, ақшаның құнсыздануына, әрі өндірістің 20-30 пайызға төмендеуіне әкеледі", делінген қордың есебінде.

ХВҚ-ның Таяу Шығыс және Орталық Азиядағы департаменті басшысы Джихад Азур CNBC-ге берген сұқбатында Талибан Кабулда билікті басып алғанға дейін де елдегі жағдай мәз емес болғанын айтты. Коронавирус пен құрғақшылық салдарынан ауған экономикасы бұған дейін де қиын жағдайда тұрған.

"Бізді уайымдататын мәселе – экономиканың күрт төмендеуі", - деді Азур.

Елдегі шешілмеген мәселелер азаматтардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне алып келді. Миллиондаған адам кедейлікке ұшырамақ. Сондықтан ХВҚ "халықаралық қауымдастық тарапынан Ауғанстан халқына медициналық көмек көрсетілсе" дейді. Әрі білім беру саласында үлкен мәселелер шешілмей тұрғанын атап өтті ол.

Дайана Тоқберген


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір