Атамбаевтың жақтастары экс-президенттің түрмеде не істеп отырғанын айтты

16:32, 5 қараша 2019

Қырғыз елінің экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың жақтаушысы Ирина Карамушкина онымен түрмеде жүздесіп қайтқан соң Facebook-тегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

4 қарашада Қырғызстанның Жоғарғы Кенешінің ҚСДП фракциясының депутаттары Ирина Карамушкина, Әсел Кодуранова және Альфия Самигуллина түрмеде отырған Алмазбек Атамбаевпен жүздесті.

"Еркек депутаттар келіп, қолдау білдіруге қорқады, бірақ соның көбісі кезінде Атамбаевтың арқасында көтерілген еді", - деп жазды ол.

Карамушкина Атамбаев түрмеде көп кітап оқып, спортзалға баратынын айтады.

- Ол көптеген классиктердің шығармаларын оқып жатыр, спортзалға да барады арасында, ол ақыры 63 жаста ер адамның формасы болуы керек екенін әбден ұғыпты. Сүйек пен денені ұстап қана қоймай, сонымен қатар мінез-құлыққа шыдамдылық беретін омыртқа мықты болуы керек, әрине. Ол сонымен бірге Жээнбековтерді кешіруге дайын екенін айтты, деп жазды депутат.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!