Атамбаев өз еркімен берілді

08:59, 9 тамыз 2019

Қарулы жасақ Алмазбек Атамбаевты Қой-Таштағы үйінен алып кетті, деп хабарлайды 24.kg агенттігі.

Мәшинеге онымен бірге жақтастары Кундуз Жолдубаева мен Фарид Ниязов мінді.

- Келіссөздер ұзаққа созылды, бірақ ақыр соңында Алмазбек Атамбаев өз еркімен берілді, - делінеді хабарламада.

Бірақ Атамбаевтың жақтастары бұрынғы президент мінген мәшинені жібермей қойған. Милицияға басқа жолмен кетуге тура келген. Алмазбек Атамбаевты ІІМ-не алып кеткен көрінеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!