Ата-анасы туылғанына 20 күн болған перзентін тірідей көміп тастады

15:19, 22 қаңтар 2019
424

Дін қызметкері туылғанына 20 күн ғана болған нәрестенің бойында жын барын айтып сендірген. Оның сөзінше, нәресте отбасының өмірін құртады екен. Мұнан кейін шошынып қалған ата-анасы туған қызын тірідей жерлеуді ұйғарады. Отанасының әпкесі сәбиді тоғанға апарып, көміп тастаған, деп хабарлайды Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Арада бірнеше сағат өткеннен кейін сол маңнан өтіп бара жатқан адам нәрестенің жылаған даусын естіген. Ол дауыс шыққан жерді тездетіп тауып, сәбиді құтқарып алды.

«Сондай қатігездік. Мұндай суықта сәбиді қалай тастап кетуге болады?» – дейді ер адам.

Қазіргі уақытта қыз бала ауруханада жатыр. Жағдайы тұрақты.

Ал дін қызметкері, сәбидің әкесі мен анасының әпкесі тұтқындалды. Ал анасы жасырынып үлгерген. Ол іздестірілуде.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!