Арықтау үшін арақ пайдасыз. Жатарда 150 грамм шарап ішуге болады – профессор

15:14, 13 қазан 2021

© Сурет: Pixabay

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, диетолог Алексей Ковальков арықтау кезінде алкогольдің аз мөлшерін алуға бола ма және артық салмақтан арылуға зиянын тигізбей ме деген сауалға жауап берді. Сондай-ақ, ол фигура сақтау үшін ең қауіпсіз сусынды атады, деп хабарлайды zakon.kz.

Адам ішімдік ішкенде, тәбеті ашылып, көп көлемде тамақ жей бастайды. Алкогольді ішімдік ішкен күйде өте көп тамақ жеп қою жиі кездеседі. Екінші жағынан, алкоголь майлардың ыдырауын уақытша тежейді. Алынған алкогольдің энергиясын жұмсамайынша, сіздің денеңіз майларды ыдыратпайды. Егер сіз үнемі ішетін болсаңыз, әсіресе көп мөлшерде, бұл спирттік пайызы көп ішімдік болса, онда сіз майларды ыдыратпайсыз. Бұл кезеңде майдың ыдырауы тоқтайды, деп түсіндірді Ковальков өзінің YouTube кааналында.

Тамақты тым аз ішсе, адамда қарны ашқаннан депрессия пайда болады. Абсолютті тыйымдар депрессия тудыруы мүмкін.

Сондықтан мен пациенттеріме кешке ұйықтар алдында 100-150 грамм құрғақ шарап ішуге рұқсат етемін, - деді дәрігер алкогольді ішімдік ішуге шақырмайтынын баса айтты.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!