Арықтаңдар! Өзбек президенті полицейлерге екі ай уақыт берді

16:36, 4 наурыз 2019
442

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Наманган облысының жастары мен жергілікті мемлекеттік мекеме басшыларымен болған кездесуде Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері арықтауы керек, деген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz currenttimeasia-ға сілтеме жасап.
⠀⠀⠀⠀⠀

"Бізге артық салмағы бар офицер, ішкі істер органының қызметкері керек емес. Олар қылмыскерді қалай ұстамақ? Спортпен айналыссын. Бұл маған емес, солардың денсаулығы үшін қажет. Уақыт беремін: үш немесе алты ай, сол уақыттың ішінде артық салмақтарынан арылсын", – деген президенттің сөзін Daryo.uz басылымы келтіреді.


Айта кетсек, Мирзиёев Өзбекстан халқының артық салмағы туралы 2018 жылы да айтқан болатын. Содан кейін бірқатар мемлекеттік мекемелерде "семіз" қызметкерлерге тез арада арықтау туралы тапсырмалар берілген, деген хабарлар пайда болған еді.

Германиядағы Йен университеті ғалымдарының зерттеуінше, 2019 жылы Өзбекстан дұрыс тамақтанбау салдарынан өлім деңгейі ең жоғары елдердің рейтингінде көш бастаған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!