Арменияда қатарда жауынгер сарбаздарға оқ атты

15:37, 15 қыркүйек 2021

© Сурет: pexels.com

Жауынгерлік бекіністе кезекшілікте тұрған армян сарбазы өз әріптестеріне оқ атты. Оқыс оқиға салдарынан запастағы бір сержант қаза тауып, тағы бір сарбаз жараланды, деп хабарлайды zakon.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Оқыс оқиға елдің оңтүстік-шығысындағы әскери бөлімдердің бірінде 13 қыркүйекте орын алды. Оқ атушыны жергілікті тәртіп сақшылары ұстап, оның үстінен жауынгердің кезекшілік ережені бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы әзірге ашып айтылмайды. Тергеушілер ұсталған адамның не себепті мұндай әрекетке барғандығын тексеруде, - деп жазады News.am республикалық тергеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін, Ерасх ауылы маңындағы Әзірбайжан Қарулы Күштерінің снайперлік шабуылы салдарынан армян жауынгерінің қаза тапқаны туралы белгілі болды. Оқ бітімгершілік келісімге қарамастан шекара аймағында атылды. Баку сарбаздың өліміне қатысын жоққа шығарды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!