Армения премьер-министрі Пашинян отставкаға кетем деді

10:38, 29 наурыз 2021
2036

© Сурет: Sputnik / Асатур Есаянц

Армения премьер-министрі Никол Пашинян сәуірде отставкаға кететінін жариялады. Ол мұндай қадамға маусымда өтетін кезектен тыс парламент сайлауы өтуі үшін бармағанын атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Өлке заңдарына сәйкес, Пашинян дауыс беруге дейін үкімет басшысының міндетін атқара береді.

Оппозиция Пашинянның қызметтен біржола кетуін талап етіп, болмаса таза сайлау өтпейтінін мәлімдеген. Өз кезегінде премьер-министр сайлаудан ұтылса, билікті жеңген тарапқа өткеріп беруді уәде еткен.

28 наурызда оппозиция өкілдері Ереванның орталығында кезекті рет митинг өткізді.

Арменияда наразылық акциялар ақпан айының аяғында басталды. Оппозиция Арменияның Таулы Қарабақ үшін тартыста жеңілгеніне премьер-министр Никол Пашинянды кінәлап, қызметтен кетуін талап етіп келген. Бірнеше аптаға созылған саяси дағдарысты реттеу үшін 20 маусымда мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу туралы шешім қабылданған.

Былтыр күзде алты аптаға созылған қарулы жанжал Әзербайжан, Армения және Ресей үш тарапты келісімге қол қойғаннан кейін тоқтаған. Оның нәтижесі бойынша Таулы Қарабақтың шетіндегі үш аудан қайтадан Әзербайжанға қайтарылып, бейбітшілік орнату үшін Ресейдің 2 мыңдай жауынгері кіргізілген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір