Арам дәрігердің ондаған әйелге өз ұрығын тығып жібергені ашылды

16:28, 27 маусым 2019

Канаданың Оттава қаласында репродуктолог дәрігер Бернард Норман Барвин ондаған жылдар бойы бала көтере алмай көмек сұрап келген әйелдерді өздері таңдаған спермамен емес, өзінікімен ұрықтандырған, деп хабарлайды Lenta.ru.

Сорақысы сол, дәрігердің өзі 80 жаста екен. Оған он мың Канада доллары көлемінде (2,8 млн теңге) айыппұл салынып, лицензиясынан айырылды. Ендігәрі медицина саласына жолауына да тыйым салынды.

Бернард Норман Барвиннің кесірінен шамамен 50-100 бала өзге донордан туған. 11 жағдайда репродуктолог әйелдерге айтпастан оларды өзінің ұрығымен ұрықтандырған.

Норман Барвиннің арам тірлігі кездейсоқ ашылды. ЭКО арқылы туған балалардың бірінен целиакия – глютенді қабылдай алмайтын кесел табылды. Бұл кесес тек қана тұқым қуалайды, алайда оның әке-шешесінде мұндай ауру болмаған.

Ребекка Диксон өзінің биологиялық әкесі Норман Барвин екенін білгенде өзін ары тапталған адамдай сезінген.

- Өз денемді өзім үшін бөтен сезіндім, дейді ол.

29 жастағы Диксон енді өзінің әпке-сіңлілерін, бауырларын іздеуде. Әзірге 15 туысқанын тапты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!