Араб елдері Катар мемлекетіне талап қойды

20:57, 24 маусым 2017
1241

Катар мемлекетімен дипломатиялық байланысты тоқтатқан төрт араб елі ресми Дохаға талап қойды.

Бұған сәйкес, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет пен Бахрейн Катарға қарасты «Аль-Джазира» телеарнасының барлық бөлімшесін жабуы тиіс.

Олар телеарнаны «аймақтағы бүлікшілер қозғалысымен байланыс орнатып, жергілікті жұртқа теріс түсінік қалыптастырады» деп айыптап отыр. Сонымен қатар Доханың Иранмен арадағы байланысын қысқартып, ел ішіндегі Түркияның әскери базасын жабуды да талап етті. Осы шарттың барлығы алдағы 10 күн ішінде орындалуы керек.

Катардың үкімет өкілдері мұны «қабылдауға келмейтін және орындалуы мүмкін емес шарттар» деп таныған.

Айта кетейік, Парсы шығанағындағы елдер арасындағы кикілжің маусымның алғашқы күндері басталды. Онға жуық мемлекет «Катарды лаңкестерді қаржыландырды» деп айыптап, бұл елмен байланысын бірден тоқтатты.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!