Аптасына 70 мың қадам жүру өмірді ұзартады - терапевт

11:48, 6 қыркүйек 2021

© Сурет: pixabay.com

Ресейлік дәрігер Лидия Ионова көп серуендеу біраз аурудан сақтап, депрессиямен күресуге көмектесетінін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Маманның айтуынша, егер адам тәулігіне 10 мыңнан астам қадам жасаса, тек физикалық қана емес, сонымен қатар психикалық аурулардың да қаупін азайтады.

Орталық жүйке жүйесінің және ондағы мишықтың қозғалыс кезіндегі белсенділігі көңіл-күйді көтеруге, қуаныш сезімдерінің пайда болуына, ауырсынуды азайтуға көмектеседі, - дейді Ионова "Говорит Москва" радиостанциясына берген сұқбатында.

Ол қадамдарды күнде санағаннан гөрі, бірден апта соңындағы нәтижеге үңілудің дұрыстығын айтты. Оның себебі, әр күні белсенділік мөлшері әртүрлі болады екен.

Аптасына 70 мың қадамды бірден санаған қолайлы. Физикалық белсенділік жүрек-қан тамырлары ауруларының, қант диабетінің қаупін азайтып, өмір сүру ұзақтығын арттырады, - дейді дәрігер.

Ионованың айтуынша, қозғалыссыз өмір салтының салдары тұқым қуалайтын аурулардың даму қаупін артуына алып келуі мүмкін.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!