Apple компаниясының негізін қалаушы ғарыш компаниясын құрғанын жариялады

16:00, 14 қыркүйек 2021

© Сурет: woz.org

Apple компаниясының негізін қалаушы Стив Возняк өзінің Privateer Space ғарыш компаниясын құрғанын жариялап, оның басқаларға ұқсамайтынын айттты, деп хабарлайды zakon.kz.

Privateer Space іске қосылып жатыр, деп жазды Возняк Twitter-де компания туралы бейнероликтің астына.

Видео жарияланған YouTube парақшада Privateer Space-ті Возняк пен америкалық инженер және Ripcord робототехникалық компаниясының бас директоры Алекс Филдингтің құрғаны айтылады. Возняк өз сөзінде бұл компанияның басқаларға ұқсамайтынына уәде береді, деп хабарлайды РИА Новости.

Privateer Space-тің жоспарлары туралы ақпарат 14-17 қыркүйек аралығында өтетін технологиялық конференцияда айтылады.
Apple-дің негізін қалаушы Стив Возняк пайдаланушылар деректерінің қауіпсіздігіне немқұрайлылық танытады деп айыптап, алдында Facebook-тен кетіп қалған.

Қолданушылар Facebook-ке жеке өмірінің барлық мәліметтерін жүктейді, ал компанияның табысы осыған негізделген. Бұл ретте қолданушылардың өзіне еш пайда келмейді, - дейді Возняк.

Стив жарнама берушілерге адамдардың жеке ақпаратын бергеннен, әлеуметтік желіні пайдаланғаны үшін ақы алған әлдеқайда дұрыс деп ойлайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!