Apple қан қысымын өлшейтін фитнес-білезік шығармақ

10:19, 11 маусым 2018

Жаңа құрылғы Apple Watch-тан қан қысымын өлшей алатындығымен ерекшеленеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Apple компаниясы адамның қан қысымын өлшейтін қызметі бар фитнес-білезік шығаруды жоспарлап отыр. Жаңа білезіктер шығарылса да, бұл қызмет түрін бұрынғы сағаттарға қостырып алуға болады.

Сипаттамасында білезіктің созылмалы манжеттен, өлшеу жүйесінен және интерфейстер жиынтығынан тұратыны жазылған. Жаңа өнім қан қысымын тонометр принципіне сәйкес өлшейтін болады. Бұл Apple компаниясының медициналық бағыттағы алғашқы өнімі болмақ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!