Англия Сан-Марино құрамасын 10:0 есебімен жеңді

12:06, 16 қараша 2021
1107

© Сурет: Тwitter/waseem_lazkani

2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің қорытынды матчында Англия құрамасы Сан-Марино командасын жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Серравалледегі "Олимпико" стадионында өткен кездесу қорытындысы ағылшындардың пайдасына 10:0 есебімен аяқталды.

Гол соққандар: Гарри Кейн және Гарри Магуайр, Эмиль Смит, Тайрон Мингз, Тэмми Абрахам және Букайо Сака. Ойын барысында алаң иелерінің қорғаушысы Филиппо Фаббри бір голды өз қақпасына салды.

26 ұпай жинап, ағылшындар I тобында бірінші орынға жайғасты. Польша 20 ұпаймен жолдама үшін тағы бір іріктеуге түседі. Ал Албания (18), Венгрия (17), Андорра (6) және Сан-Марино (0) 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігінен қағылды.

Сондай-ақ, Англия құрамасы бір жылда бір емес, үш ұлттық рекорд жаңғыртты. Гарет Саутгейт командасы үшін бұл 2021 жылдағы 15-ші жеңісі. Сонымен қатар осы жылы ағылшын құрамасы қарсыластарына 52 гол салған, 14 ойында өз қақпасына доп жібермеді.

Қоса кетейік, ағылшындар осымен 20 ойында қарсыластарына есе жібермей келеді. Осылайша олар 1980, 1896 жылға дейін белгіленген ұлттық рекордты қайталады. Соңғы рет Англия құрамасы 2020 жылдың 15 қарашасында Ұлттар Лигасында Бельгиядан 0:2 есебімен жеңіліп қалған еді.

Әріпжан Әли


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!