Анасы 8 жасар ұлына балмұздақ алып бермегені үшін ата-ана құқығынан айырылды

16:49, 15 маусым 2018

Ұлыбританиядағы Суонси қаласында 8 жасар баланың анасы мен қамқоршылық органдарының арасында келеңсіз жайт орын алды. Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Әйел баласына балмұздақ сатып алып бермегені үшін, қамқоршылық баланы тартып алған. Мұнан кейін олар баланы балалар үйіне тапсырған. Мұнан кейін сот отырысы өтіп, сот шешімі әйелдің пайдасына шығарылмағандықтан, баланы басқа отбасына беріпті.

Өз кезегінде ашуланған әйел Суонси қаласының Жоғары сотына шағымданған. Артынша сот әйелді қолдаған. Ал арнайы қызмет қызметкерлері әйелге баласын бергісі келмей, оның баласының сұраныстарын орындамағанын айтқан. Мәселен, анасы 8 жасар ұлының шашын оның қалағанындай етіп қиюдан бас тартқан. Арнайы қызмет қызметкерлері анасының бұл әрекетін баланы кемсіту деп тауыпты.

Абырой болғанда, анасы сот төрағасы Джастис Мостистен қолдау тауып, баласын қайтарып алған. Ол орган қызметкерлерінің айыптауларын негізсіз әрі ақылға қонымсыз деп бағалап, баланың отбасына қайтарылуы керек екенін мәлімдеген.

«Айыптаушы тарап өз қорытындысын 44 параққа жазған. Сөз көп, алайда іс жүзінде, айтарлықтай ештеңе жоқ. Анасының баласына қатігездікпен қарағаны туралы негізді айғақтар жоқ. Анасы емес, органдағылар баланы күйзеліске түсірді. Ол анасымен болуы керек», – дейді сот төрағасы Джастис Мостис.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!