Ан-148 апатқа ұшырар алдында ұшқыштар бір-бірімен ұрысқан

14:42, 16 ақпан 2018

Мәскеу түбінде құлаған Ан-148 ұшағының өздігінен жазатын құралындағы жазбалар оқылды, деп хабарлайды "Коммерсантъ" газеті.

Жазба өте қысқа екені айтылған. Қара жәшік бұзылып қалғандықтан, қалпына келтіруге бірнеше күн кетіпті.

Деректерге сүйенсек, ұшқыштар жылдамдықтың әртүрлі көрсеткішіне бола ұрсысқан екен. Көрсеткіштердегі жылдамдық шын мәнісінен төмен болып жазылған.

Ұшақ 2 мың метрге көтерілсе де, бір ұшқышта жылдамдық 200 км/сағ, екіншісінде мүлдем нөл деп көрсетіліпті. Ал лайнердің шын жылдамдығы ол кезде 600 км/сағ болған. Жылдамдықтың неге әртүрлі болғанын түсінбеген экипаж тиісті жылдамдық алу үшін ұшақты төмендетіп, салдарынан жерге құлаған екен.

Ұшар алдында неге екені белгісіз қабылдағыштардың жылыту жүйесі сөніп қалыпты, соның салдарынан жылдамдықты көрсететін құралдар дұрыс істемеген, деп санайды мамандар.

11 ақпанда Домодедоводан ұшып шыққан "Саратовские авиалинии" компаниясының Ан-148 ұшағы Ор қаласына бет алған еді, алайда екі минут өтер-өтпесте апатқа ұшыраған. Бортта 65 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған. Бәрі қаза тапты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!