Америкалық әйел туған қызы мен ұлын өлтіріп, полицияға өзі хабарласқан

12:50, 16 мамыр 2021
857

© Сурет: lexipol.com

АҚШ-тың Аризона штатындағы Феникс қаласында анасы туған балаларын өлтірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Полицияға әйелдің өзі хабарласып, басындағы бір өктем дауыстың балаларын өлтіруге мәжбүрлеп жатқанын айтқан.

Полиция көрсетілген мекен-жайға келіп, пәтерден зорлық-зомбылық белгілері бар 9 жасар қыз бен 7 жасар баланың денесін тапты, деп хабарлайды FOX 10 Phoenix.

Полиция журналистерге бұған дейін ерлі-зайыптылар арасындағы жанжалға байланысты бұл пәтерде болғанын, бірақ жағдай осыншалықты ушыққанын аңғармағандарын айтқан. Қаза тапқандар мен ата-ана туралы мәлімет әлі нақтыланған жоқ, өлімнің себептері туралы да айтылмайды.

Қазір күдіктімен тергеушілер жұмыс істеп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!