Америкалық боксердің жүкті қалыңдығының көзіне шөп салған видеосы желіде тарап кетті

10:17, 30 қазан 2020
174

Рингте бір де бір рет жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Райан Гарсия сұлулар арасында өте танымал. Онда тұрған дәнеме жоқ деп айтуға болар еді, егер жігітті үйінде аяғы ауыр Дреа Селина күтіп отырғаны боламаса, деп хабарлайды zakon.kz.

Гарсияның жүкті қалыңдығының көзіне шөп салған сәті видеоға түсіп қалған. Бұл Лос-Анджелестегі "Ювентустың" бұрынғы футболшысы Алессандро Дель Пьероға тиесілі N10 мейрамханасының жаны. Видеода боксшы еш алаңсыз, бәрін бір сәтке ұмытып, аруды құшағына алып, сүйісіп тұр. Ал сұлу анау-мынау емес, TikTok жұлдызы Мала Тревехо болып шықты.

Қыз бір ай бұрын ғана 18-ге толып, жастықтың әрбір сәтін босқа жіберіп алғысы келмейтін секілді.


Бұл видео Интернетте тез тарап, ақыры 7 айына жүкті Гарсия да білді.

- Ол маған жекпе-жекке дейін жаттығуда болатынын айтты, сондықтан мен төркіндеп кеткен едім. Содан кейін осылай болды, бұл видеоны Инстаграмнан көрдім, - деп жазды Селина желідегі парақшасында.

Instagram-да 8,5 миллион жазылушысы бар Малу оқиғаның өз нұсқасымен The Sun газетімен бөлісті.

- Онымен кездескенім рас, өйткені ол өте жақсы жігіт. Иә, ол өзінің баласы бар екенін де айтқан (Дреа Селинамен кездескенге дейін қарым-қатынаста болған қыздың қызы - шамамен - авт), бірақ ол маған тағы біреумен сөз байласып қойғаны, тағы бір баласы болатыны туралы ешқашан айтқан емес. Бірақ ол шынымен де жақсы жігіт, мен мұны жақсы білемін. Бары осы, ары қарай қазбаламай-ақ қойыңыздар. Таңертең оянып, желіні ашып, осы жағдайдың куәсі болдым, - деді 18 жастағы тиктокшы бойжеткен.

Гарсия 5 желтоқсанда рингке оралуға дайындалып жатыр, ол уақытша WBC титулы үшін Люк Кэмпбеллмен кездеседі. Американдық боксшы керемет рекорд орнатқан - 20 жекпе-жекке қатысып, оның барлығында жеңіске жеткен, онда да оның 17-сі нокаут.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір