Америка қоғамында қызу тартыс: Трамп нағыз арсыздардың билігін орнатты

16:15, 21 қыркүйек 2020
403

Америкада ұйқы безіндегі обыр ісігінің асқынуынан 87 жастағы Жоғарғы Соттың соты Рут Бадер Гинзбург қайтыс болды. Бұл хабар өткен аптадағы барлық жаңалықтарды ысырып тастап, ең көп талқыланып жатқан хабарға айналды, деп пайымдайды желіде қазақ сарапшысы Қуаныш Еділхантегі.

Оның мәнісі мынада: бұрын Жоғарғы Сотта Трамп пен Байденнің жақтастары 5-4 ке қатынасындай болса (оның онша рөлі жоқ болатын), енді ол қатынас 6-3 ке қатынасындай болуы әбден мүмкін, өйткені Трамп сол босаған орынға бірден өзінің сотын ұсынатындығын айтқан. Процедура бойынша соттың кандидатурасын президент ұсынады да оны Сенат бекітеді. Ал Сенаттың республикашылдар қолында екендігі белгілі. Ертең сайлау аяқталған бойда бюллетеньдер толық саналып болмай-ақ Трамптың мен жеңдім деп өз-өзін президент етіп жариялап жіберуі кәдік. Ондай жағдайда қуынып ЖС-тан әділдік іздеу мүмкін болмай қалуы әбден мүмкін болып отыр.

Әрқашан әділдік жағында болып келген Гинзбургтің сайлауға 1,5 ай қалғанда қайтыс болуы сөйтіп Трамптың қайта сайлану шансын ұлғайта түскендей. Мұндай мүмкіндікті Трамптың да, оның кеңесшісі Путиннің де жібермейтіні түсінікті. Дегенмен де Аляскадан сайланған республикашыл сенатор Лиса Мурковски жаңа президент сайланбай тұрып ЖС сотына ешкімнің сайланбауын, ондай кандидаттың Сенатта талқыланбауы қажеттігін мәлімдеді. Бұл осындай мәлімдеме жасаған Сюзан Коллинстен кейінгі екінші республикашыл сенатор.

Қазір америка қоғамында осы үшін тартыс қызу қарқын алды. Рут Гинзбург өлгеннен бергі уақытта Байденнің сайлауалды штабына қарапайым сайлаушылардан 100 млн доллар түсті (америка тарихында тәуліктік рекорд). Адамдар алдағы сайлаудың өте маңыздылығын, егер Байден жеңілсе бұрынғы үйреншікті Американың келмеске кететінін, сондықтан ең кемі қалайда Сенатты алу керектігін түсінді. Өйткені Трамп кішкене де болса саяси мораль дегенді түсінетіндерге есептелген атақты тепе-теңдіктер мен қарсы күштер системасын быт-шыт қылып, нағыз арсыздардың билігін орнатты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!