Алжирде ұшақ апатынан қаза тапқандардың денесі сараптамаға жіберілді

15:46, 12 сәуір 2018

Алжирдегі ұшақ апатынан 257 адам ажал құшты. Олардың денесі сараптамаға жіберілген, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл – осы елдің қорғаныс министрлігінің мәліметі. Қазір апатқа байланысты тергеу жалғасып жатыр. Ұшақ Буфарик әуе базасынан көкке көтерілгеннен кейін көп ұзамай егістік алқапқа құлаған. Әуе кемесі елдің оңтүстік-батысындағы Бешар әскери базасына бағыт алған екен. Жолай Батыс Сахарамен шекаралас жатқан Тиндуф әуежайына қонуы тиіс болатын.

Апаттың себебі әлі анықталған жоқ. Бірақ соңғы мәліметтерге қарағанда, борттағы адам саны шамадан тыс көп болған деген ақпар бар. Ал ұшақ тек 225 кісілік.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!